Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 0:59

[1] Мадақтаңдар Құдайды киелі үйінде, Мадақтаңдар Құдіреттіні көкте де!

[2] Мадақтаңдар Оны керемет істері үшін, Мадақтаңдар Оны зор ұлылығымен!

[3] Мадақтаңдар Оны үніменен кернейдің, Мадақтаңдар Оны жетігенмен, домбырамен!

[4] Мадақтаңдар Оны даңғырамен, билеріңмен, Мадақтаңдар Оны қобызбен, сыбызғымен!

[5] Мадақтаңдар Оны сылдырмақтың сыңғырымен, Мадақтаңдар Оны дауылпаздың даңғырымен!

[6] Жаны барлар түгелдей мадақтасын Иемізді! Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!

Забур жырлары — Chapters