[1] (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ғаттық жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Қорах ұрпақтарының жыры.)
[2] Өзіңнің тұрағың жер бетіндегі Қандай сүйкімді, уа, Әлемнің Иесі!
[3] Жан дүнием Жаратқанның киелі үйіндегі Аулаларына баруды аңсап, әлсірейді, Мәңгі тірі Құдайға жан-тәнім әндетеді.
[4] Тіпті торғай да қонатын жерін тауып алды, Қарлығаш балапандарын басуға ұя салды: Маңайында Сенің құрбандық үстелдеріңнің, Уа, Әлемнің Иесі, Патшам, Құдайым менің!
[5] Киелі үйіңде тұратындар сондай бақытты, Әрқашан да олар Саған мақтау айтады!
[6] Сенің күшіңе кенеле берген, ой-ниеті Өзіңе бағытталған жандар қандай бақытты!
[7] Жылау аңғарымен жүріп су көздерін ашады, Содан күзгі жаңбыр жауғандай жер жарылқанады.
[8] Олар жол жүргенде күш-қуаты өсе береді, Ақыры Сионда Құдайдың алдына келеді.
[9] Уа, Жаратушы Құдай, Әлемнің Иесі, Өзіңе арнаған дұғамды ести көрші, Жақып сиынған Құдай, құлақ түре көрші.
[10] Уа, Құдай, біздің қорғаушымыз, көңіл бөле гөр, Таңдап алған патшаңа көз қырыңды сала гөр.
[11] Бір-ақ күн болғаным киелі үйіңнің ауласында Мың күннен жақсы өткізген өзге орында. Мен қақпасында тұруды Құдайымның үйінде Артық көрем жайлы өмірден сұмдардың үйінде.
[12] Себебі Құдай Ие күн мен қалқанға ұқсайды, Жаратқан Ием рақым мен ұлылық сыйлайды, Ол тура жолменен жүретін адамдарды Сыйлайтын игіліктерінен құр қалдырмайды.
[13] Уа, әлемнің құдіретті Иесі — Жаратқан, Қандай бақытты Өзіңе сенім артқан жан!