Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:23

[1] (Дәуіттің жыры.) Жаратқан Ие менің иеме былай деп айтқан: «Мен жауларыңды табаныңның астына Салып бергенімше отыр оң жағымда».

[2] Жаратқан Сионнан билігіңді құрғызады сенің, Енді жауларыңа да үстемдік жүргізесің,

[3] Сен патшалық құрған күні бағынады халқың. Туғаннан-ақ киелі салтанат жамыласың, Күн сайын таң ата жаңаратын шық сияқты, Сен де ұдайы жасара түсетін боласың.

[4] Жаратқан былай деп ант берген еді, Онысын ешқашан да өзгертпейді: «Сен Мәліксадықтай діни қызметкерсің, Мәңгі сондай болып қала да бересің!»

[5] Жаратқан Ие сенің оң жағыңда тұрады, Қаһарланған күні Ол патшаларды ұрады,

[6] Халықтарды соттап, көп адамдарын жояды, Бүкіл жер бетінің билеушілерін соғады.

[7] Патша жолшыбай бұлақтан сусындап алады, Еңсесін көтеріп, жеңімпаз болып шығады.

Забур жырлары — Chapters