[1] (Дәуіттің жыры. Оның Яһуда еліндегі иен далада жүрген кезі туралы.)
[2] Уа, Ием, Сен сиынатын Құдайымсың, Таң сәріден мен Саған бет бұрамын, Сусыз жердемін кеуіп, құлазыған, Жан-тәніммен Сені аңсап сағынам.
[3] Киелі тұрағыңда аяныңды көрдім, Құдірет пен ұлылығыңды байқадым.
[4] Өмірден де артық берік — мейірімің, Ауызым Өзіңді мадақтай берсін,
[5] Өмір бойы бір Сені мадақтаймын, Атыңды атап қолымды жаямын.
[6] Өйткені жіліктің майлы басынан Гөрі Өзіңнен мол ләззат табамын, Шаттық үнмен Саған мақтау айтамын.
[7] Төсекке жатып Сені еске аламын, Түні бойы Сен жайлы ойланамын.
[8] Өйткені Өзің менің қолдаушымсың, «Қанатыңның аясында» шаттанамын.
[9] Жаным тығыз байланыста Сенімен, Мені демейсің құдіретті қолыңмен.
[10] Ал көзімді құртпақшы арамзалар Тозақтың түбіне түсетін болар,
[11] Семсердің күшімен олар қырылар, Өліктері шибөріге жем болар.
[12] Уа, Құдай, патша Өзіңе шаттанады, Саған бағышталғандар мақтау айтады, Ал өтірікші ауыздар жабылады.