Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:05

[1] Уа, Иерусалим, Жаратқанды мадақта, Уа, Сион, Құдайыңның даңқын асыра!

[2] Қақпа ысырмаларыңды Ол нығайтқан, Ішіңдегі халқыңды жарылқаған,

[3] Таңдаулы астықпен оны тойындырады, Шекараңа бейбітшілік орнатады.

[4] Иеміз сөзін жер бетіне жолдайды, Оның айтқандары лезде тарайды.

[5] Жаратқан қарды мамықтай жаяды, Қырауды да күлдей жерге шашады,

[6] Бұршақты жұмыр тастай жаудырады, Кім Оның аязына шыдай алады?

[7] Кейін Ол бұйрығымен ерітеді мұзды, Жылы жел соққызып, ағызады суды.

[8] Иеміз Жақыпқа білдірді бұйрықтарын, Исраилге заңдары мен жарлықтарын,

[9] Басқа ешбір халыққа Ол мұны істемеді, Олар Оның шешімдерін білмей келеді. Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!

Забур жырлары — Chapters