Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:04

[1] (Асафтың жыры.) Құдай үлкен мәжілісін басқарады, Сонда Ол билерге үкім шығарады:

[2] «Қашанғы әділетсіз үкім айтпақсыңдар, Зұлымдарға оң қабақ танытпақсыңдар? //

[3] Жарлы мен жетімнің мүддесін қорғаңдар, Бейшара кедейге әділдік жасаңдар!

[4] Шарасыз бен мұқтажды құтқарыңдар, Зұлымның шеңгелінен оны босатыңдар!»

[5] Ештеңе ұқпастан, ештеңе білместен, Қанаушылары түнекте жүріп келген, Содан елдің бар негізі дірілдеген!

[6] Былай деген едім: «Сендер құдайсыңдар, Бәрің Хақ Тағаланың рухани ұлысыңдар,

[7] Дегенмен жай пендедей құрисыңдар, Әрі әміршідей қаза табасыңдар».

[8] Уа, Құдай, көтеріліп, жерді сотташы, Сен иемденесің ғой бар халықтарды!

Забур жырлары — Chapters