Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 0:54

[1] (Халық Құдайға шүкірлік еткенде айтылатын жыр.) Бар әлем, жырлаңдар Жаратқанды дауыстап,

[2] Иемізге қызмет етіңдер шаттанып, Келіңдер алдына қуана әндетіп,

[3] Жаратқанды мойындаңдар Құдайымыз деп: Бізді жаратты Ол, меншікті халқымыз, Оның ізгі шопандай бағатын «отарымыз».

[4] Құдайдың ғибадатханасына барып, Алғыс жыр айтыңдар қақпасынан өтіп, Иемізді мақтаңдар аулаларына кіріп, Шүкірлік етіңдер есімін дәріптеп!

[5] Себебі Жаратқан Ие мейірімді, Ол мәңгілік шапағатын тигізеді. Ұрпақтан ұрпаққа Иеміз бізге Шексіз сенімділігін көрсете береді.

Забур жырлары — Chapters