Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:15

[1] Жаратқанға айтыңдар жаңа әнді, Өйткені Ол кереметтер істеді, Киелі құдіретімен жеңіп шықты.

[2] Жаратқан Ие жеңісін аян етті, Әділдігін де халықтарға көрсетті,

[3] Ол Исраилге деген мейірімін де, Сенімділігін де сақтайды есінде. Құдайымыздың құтқаруын көрді Жер бетінің түкпірлеріндегілер де.

[4] Бүкіл жер жүзі, шаттанып айқайлаңдар, Жаратқанға қуана ән-жыр айтыңдар,

[5] Домбыра шертіп, әдемі ән салыңдар, Жетігенмен де Иемізге күй тартыңдар,

[6] Сырнай, кернейдің үнімен дауыстаңдар, Патшамыз — Жаратқан алдында шаттаныңдар!

[7] Теңіз де өзін мекендейтіндерімен, Әлем де сонда тұратындарымен Шаттана шуласып Оны мадақтасын!

[8] Өзендер қуана қол шапалақтасын, Таулар да бірігіп шаттана ән салсын

[9] Жаратқан Иеміздің көз алдында! Ол жерге келеді үкім шығаруға, Әлемге әділ билік айтуға, Нағыз шындықпен күллі ұлттарға.

Забур жырлары — Chapters