Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 0:58

[1] (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, басына түскен жағдайын Құдайдың есіне салған Дәуіттің жыры.)

[2] Уа, Құдай, мені құтқаруға асыға гөр, О, Жаратқан, тездетіп көмекке келе гөр!

[3] Жанымды алмақ болған күллі жауларым Таңдана абыржып, масқаралансын, Маған пәле тілеген бар дұшпандарым Ұятқа қалып, кері қайтарылсын!

[4] «Өзіңе де сол керек!» деп табалаған Олар қарабет боп безіп кетсін сондықтан.

[5] Бірақ бет бұрып сиынғандар Саған Өзіңе қуана берсін шат-шадыман, Лайым құтқаруыңды ұнатқан әркім: «Құдайым даңқты!» деп Сені дәріптесін!

[6] Ал мен жарлымын, мұқтаждықта жүрмін, Я, Құдай, маған тездетіп келе гөр! Қолдаушым да құтқарушым Өзіңсің, О, Жаратқан Ием, кешікпей жете гөр!

Забур жырлары — Chapters