Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:29

[1] (Дәуіттің жыры.) Ей, мықтылар, Жаратқанды дәріптеңдер, Иеміздің құдіретін құрметтеңдер,

[2] Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер, Қасиетті салтанатпен Оған бас иіңдер!

[3] Жаратқанның дауысы сулардың үстінде, Ұлылық Иесі — Құдай күркіреуде, Жаратқан гүрілдейді зор сулардың үстінде.

[4] Жаратқанның даусы тым құдіретті, Жаратқанның даусы асқан айбатты.

[5] Оның даусы самырсынды сындырады, Ливанның самырсындарын құлатады,

[6] Ливанның тауларын бұзаудай секіртеді, Хермон тауын жас бұқадай сілкінтеді.

[7] Жаратқанның дауысы от-жалын шашады,

[8] Оның дауысы иен даланы шайқалтады, Қадештегі айдаланы да сілкінтеді.

[9] Жаратқанның дауысы емендерді сілкілейді, Орман ағаштарының жапырақтарын түсіреді. Киелі үйінде бәрі «Ұлылық!» деп айтады.

[10] Жаратқан топан су үстінде тақта отырады, Жаратқан патша болып мәңгі тақта отырады.

[11] Жаратқан Ие өз халқына күш дарытады, Тыныштық сыйлап ақ батасын қондырады.

Забур жырлары — Chapters