[1] Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені! Құдайымызды ән-жырмен мадақтау игі, Бұл қандай ұнамды да жарасымды!
[2] Иеміз Иерусалимді қайта салар, Исраилдің айдалғандарын қайтарар,
[3] Жаралы жүректерді сауықтырар, Қайғы-қасіреттерін Ол жұбатар.
[4] Иеміз жұлдыздардың санын белгілеген, Ол барлығына да өз аттарын берген.
[5] Жаратқан Ие ұлы әрі тым қуатты, Шексіз мол Оның ақыл-парасаты.
[6] Иеміз қорланған жанды жоғарылатады, Ал зұлымдарды Ол жерге құлатады.
[7] Жаратқан Иеге шүкірлік әнін айтыңдар, Құдайымызға жетігенмен күй тартыңдар!
[8] Жаратқан аспанды бұлттармен жабады, Жер бетіне жаңбырды жаудырады, Тау-төбені көк шөппен жамылдырады.
[9] Осылай азық өсіреді мал мен аңдарға, Қарғаның шақырған балапандарына да.
[10] Тұлпардың күшіне Жаратқан қарамайды, Жігіттің жүйріктігінен рақат таппайды,
[11] Қайта, риза болады Жаратқан Ие Өзін қастерлеп, рақымына үміт еткенге.