Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:19

[1] (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, сегіз ішекті жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)

[2] Уа, Жаратқан, құтқара гөр, әділдер қалмады, Адамзат арасынан адал атаулы жоғалды!

[3] Әрбір жан жақындарына жалғандық айтады, Мүләйім жүзбен сөйлесіп, жағымпазданады.

[4] Ием тілдерін олардың бөсіп мақтанатын Тоқтата көрсін әрі жағымпаз ауыздарын.

[5] «Тілімізбен жеңеміз, аузымыз өзіміздікі! Кім билік жүргізбек бізге?» деп олар көпіреді.

[6] «Жарлылар жапа шегіп, кедейлер де күрсінеді, Енді орнымнан тұрамын! — дейді Жаратқан Ие, — Қауіптен қорғаймын Мен жәбір көргендерді».

[7] Жаратқанның сөздері таза да сенімді, Жеті рет балқытылып тазарған күміс секілді.

[8] Жаратқан Ие, қаналғандарды Сен қорғайсың, Сол арсыз ұрпақтан оларды мәңгі сақтайсың.

[9] Ал зұлымдар әлі де емін-еркін жүреді, Адамдар арасында арсыздық дәріптеледі.

Забур жырлары — Chapters