Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:08

[1] (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Жаратқан Ие тұтқындарды Сионға Қайтарып алып келген уақытында Ұқсадық түс көріп жатқан адамға,

[2] Езуіміз жиылмады күлкіден, Аузымыздан үзілмеді шаттық ән. Басқа ұлт адамдары өзара былай десті: «Бұларға Жаратқан жасады керемет істі!»

[3] Жаратқан бізге керемет жасады шынында, Сондықтан да біз кенелдік зор қуанышқа!

[4] Шөлдегі кеуіп қалған өзендерді Лезде-ақ суға толтыратының секілді, Уа, Жаратқан Ие, игіліктерімізді Біздерге қайтадан сыйлай гөр енді.

[5] Көз жасын төгіп жүріп еккендер егінін Қуана әндетіп жинамақ өнімін:

[6] Олар еңіреп жүріп тұқымдарын Сеуіп тастайды егістік жерлеріне, Кейін құшақтап алып астық бауларын Қуана қайтады мекендеріне.

Забур жырлары — Chapters