Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:03

[1] (Дәуіттің жыры.) Жаратқан Ием — менің Бағушым, Мен еш нәрседен де тарықпаймын.

[2] Ол мені жасыл жайлауға жаяды, Тұнық суға жетелеп апарады.

[3] Ием жаныма күш дарытады. Есімі «Қасиетті» деп аталады, Содан артамын Оған сенімімді: Ол мені тура жолмен жетелейді.

[4] Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен, Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден, Себебі Өзің менің қасымдасың, Жігер береді сойылың мен таяғың.

[5] Сен маған дастарқан жаясың Көз алдында дұшпандарымның, Мені құрметпен қарсы аласың, Тостағанды толтыра құясың.

[6] Жақсылық пен мейірімділік Үлесім болады өмірлік, Жаратқан Иенің үйінде Мен қала беремін мәңгілік.

Забур жырлары — Chapters