Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 0:44

[1] (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.) Уа, Жаратқан Ие, өркөкірек емеспін, Паңдана қарамайды көздерім менің, Не тым ұлы істермен шұғылданбаймын, Не шамам келмейтіндермен айналыспаймын,

[2] Қайта, ризамын, жан дүнием тыныштықта. Бейқам жүр сәби анасының қасында, Сол нәресте сықылды өз жаным да Тыныш жатыр бейқам болып бойымда.

[3] О, Исраил халқы, бұдан былай мәңгіге Шын жүректен сеніңдер Жаратқан Иеге!

Забур жырлары — Chapters