Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 0:44

[1] (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) «Тауға көзді қадаймын Қайдан жәрдем келер деп.

[2] Көк пен жерді жаратқан Құдай Ием маған жар».

[3] «Тайдырмайды Ол табаныңды, Ұйықтамайды Қорғаушың,

[4] Исраилді Қолдап-қорғаушы Қалғымайды да ұйықтамайды.

[5] Қорғаушың — Жаратқан Ие, Қасыңда Ол саяң болып жүреді,

[6] Күндіз күннің, түнде айдың Тимесін деп сәулелері.

[7] Жамандықтың барлығынан Жаратқан Ие сені сақтайды, Жаныңды Ол қорғап-қолдайды.

[8] Бүгіннен бастап мәңгі бақи Иеміз қорғайтын болады Барып-келу сапарыңды».

Забур жырлары — Chapters