Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:09

[1] (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.)

[2] Күллі ұлттар, Құдайға қол соғыңдар, Шаттық үнмен дауыстап Оны мақтаңдар!

[3] Себебі Жаратқан — Хақ Тағала айбатты, Ол — бүкіл жер бетінің ұлы Патшасы

[4] Бізге халықтарды бағындырады, Жау ұлттарды табанымызға салады.

[5] Үлесімізге таңдады Ол біз үшін Өзі сүйген Жақыптың мақтаулы елін. //

[6] Құдай Ие халқының шаттық айқайымен Тұрағына көтерілді, һәм керней үнімен.

[7] Әндетіңдер, Құдайға ән-жыр шырқаңдар, Күй тартып та Патшамызды мадақтаңдар!

[8] Құдай — Патшасы күллі жер бетінің, Лайым Оған айтыңдар мадақтау жырын!

[9] Құдай халықтарға билігін орнатты, Киелі тағына Ол отырып алды.

[10] Басқа ұлттардың басшылары жиналар, Ыбырайым сиынған Құдайдың халқына қосылар, Өйткені Құдайдікі жер бетінің патшалары, Оның дәрежесі бәрінікінен де жоғары!

Забур жырлары — Chapters