Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 0:51

[1] Жаратқан Ие — Патша, Ол билік жүргізуде, Ұлылыққа бөленіп, кенелген құдіретке. Орнынан қозғалмастай берік орнатылған әлем,

[2] Сенің құрметті «тағың» ежелден бекітілген, Уа, Ием, мәңгі бақи бар болып келесің Сен.

[3] О, Жаратқан Ие, өзендер тасып күркірейді, Теңіз де толқындарын тұрғызып дүркірейді,

[4] Бірақ мол сулардың қатты шуылынан гөрі, Теңіз жағасына соққан толқындардан гөрі Көктегі Жаратқан Иенің құдіреті күшті!

[5] Уа, Ием, ережелерің шынымен сенімді, Сенің үйің мәңгілік киелі де қасиетті.

Забур жырлары — Chapters