Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:00

[1] (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Жастайынан көріп келген қыспағы Жайлы айтып берсін Исраил халқы:

[2] «Жастайымнан мол көрдім қыспақты, Алайда мені мүлдем жеңе алмады,

[3] Жон арқамда айдағандай соқаны Ұзынынан созылған атызы қалды.

[4] Бірақ Жаратқан Ие әділетті, Сұмдар салған кісеннен азат етті».

[5] Сионды жек көрген дұшпандарының Бәрі ұятқа қалып кері қайтсын,

[6] Өспей жатып бірден қурап қалатын Үй төбесіндегі шөпке олар ұқсасын:

[7] Орақшының қолы соған талмайды, Бау байлаушының құшағы да толмайды.

[8] «Жаратқан Ие сендерді жарылқасын, Бата береміз Жаратқанның атымен» Деп қастарынан өткендер тілемесін!

Забур жырлары — Chapters