[1] (Дәуіттің жыры.) Төрелік айтып мені ақташы Өзің, Уа, Жаратқан Ием, адал жүріп келемін, Саған сенім артып еш күдіктенбеймін.
[2] Тексер мені, уа, Жаратқан, байқап көр, Жүрегім мен ой-санамды сынап көр.
[3] Өйткені көз алдымда мейірімің, Сенің Ақиқат жолыңмен жүріп келемін,
[4] Өтірікшілермен бірге отырмаймын, Зымияндармен де бірге жүрмеймін.
[5] Арамзалар жиынын еш жаратпаймын, Зұлымдармен ешқашан отырмаймын.
[6] Қол жуып адалдығымды білдіремін, Құрбандық үстеліңді айналып жүремін,
[7] Уа, Ием, мадақтап Сені әндетемін, Керемет істеріңді паш етемін.
[8] Сен тұратын қасиетті үйіңді, Ұлылығың мекендейтін орынды Сондай сүйемін, уа, Жаратқан Ие.
[9] Күнәкарлармен бірге жанымды алма, Қанішерлермен бірге өмірімді құртпа.
[10] Арам қылықтары қолдарын былғайды, Пара алып, беруден олар бас тартпайды.
[11] Бірақ мен кінәратсыз таза жүремін, Құтқаршы мені рақымыңмен Өзіңнің.
[12] Тегіс жерде табан басып нық тұрамын, Жиындарда Жаратқанға мақтау айтамын.