Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:09

[1] (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Ұдайы паналаймын Жаратқан Иені, Қалайша қорқытпақсыңдар былай деп мені: «Кәне, кетші ұшып тауыңа құс секілді!»

[2] Сол зұлымдар садақ иіп, жебе тартуда, Тасадан дайын тұр адалдарды атуға.

[3] Әділ жан не істейді, заңды негіз қираса?

[4] Ал Жаратқан отырады көктегі тағында, Өзінің киелі ғибадатханасында, Иеміз бақылайды барлығын да, Сын көзбен қарайды адам баласына.

[5] Жаратқан Ие әділдерді тексереді, Зұлым да зорлықшыл жандарды Ол жек көреді,

[6] Залымдарға жаудырады жанған көмірді Әрі жазалау үшін лаулаған күкіртті, Қоса жібереді күйдіріп өртейтін желді.

[7] Иеміз әділ, Ол әділдікті сүйеді, Шыншыл жандар Оның бет-жүзін көреді.

Забур жырлары — Chapters