Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:03

[1] Жаратқан Иені мадақтаңдар! Иеміздің қызметшілері, мақтау айтыңдар, Жаратқанның есімін мадақтаңдар!

[2] Қазіргі кезден мәңгілікке дейін Жаратқанның есімі дәріптеле берсін!

[3] Күннің шығысынан батысына дейін Жаратқанның есімі қастерлене берсін!

[4] Жаратқан бар ұлттардан да жоғары, Оның салтанаты аспаннан да жоғары.

[5] Кім Құдайымызға тең бола алады? Жаратқан Ие зәулім тағында отырады,

[6] Ол төмен қарап аспан мен жерге көз салады.

[7] Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар, Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар.

[8] Оларды әміршілермен бірге отырғызар, Халқының көсемдерімен жайғастырар.

[9] Бедеу әйелді отбасымен жарылқар, Перзент сыйлап, шат-шадыман қылар. Жаратқан Иені мадақтаңдар!

Забур жырлары — Chapters