[1] (Ән-күйдің жетекшісі Едутунге арналған Дәуіттің жыры.)
[2] Жаным тыным табады жалғыз Құдайдан, Құтқарылуым келеді тек қана Одан,
[3] Ол ғана — паналайтын жартасым, Құтқарушым әрі заңғар қорғаным, Енді қайтып қатты шайқалмаймын.
[4] Қашанғы бас саласыңдар бір адамға? Теңселген дуал, қисайған қабырға Сияқтанған мені құлатпақсыңдар ма?
[5] Биіктен құлатуға жаулар жоспарлайды, Сол үшін өтіріктен де бас тартпайды, Ауыздарымен бата бергенсиді, Ал жүректерінде жамандық тілейді.
[6] Жан дүнием, тыным тап жалғыз Құдайдан, Үміт келеді маған тек қана Одан,
[7] Ол ғана — паналайтын жартасым, Құтқарушым әрі заңғар қорғаным. Енді қайтып ешқашан шайқалмаймын.
[8] Құтқарылуым, абыройым Құдайдан, Ол — мықты қорғаным әрі баспанам.
[9] Халайық, лайым Оған сенім артыңдар, Ойларыңды Оған толық ашыңдар, Құдай — біздің панамыз, мұны ұмытпаңдар! //
[10] Адамзат атаулы шығарған деміңдей, Атақты, атақсыз бәрібір бекердей, Таразыға бәрін салып көргенде, Жеңіл олар шығарған деміңнен де.
[11] Зорлықпен алып қоюға үміт артпа, Дүние-мүлік ұрлаймын деп те мақтанба, Дәулетің молайса, соған сенім артпа!
[12] Бірде Құдай маған былай деп айтты, Талай рет мен естігенмін мынаны: Құдіретті күш, о, Құдай, Сенікі.
[13] Уа, Ием, тұрақты — Сенің рақымың, Әркімге лайықтысын ісіне сай қайтарасың.