Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 0:51

[1] (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.) Бауырлардың ынтымақта тұрғандары Қандай тамаша да жарасымды!

[2] (Һарон Құдайдың қызметіне арналғанда) Басына құйылған жұпар май іспетті, Ынтымақтастық та аса ізгілікті! Сол иісмай Һаронның басынан сақалына, Киімінің етегіне дейін аққан еді.

[3] Сондай-ақ, ынтымақ арамыздағы — Хермон тауына түсетін шық тәрізді. Бұл шық Сион тауына да түседі, Жердің бәрін құнартып, көгертеді. Сонда Иеміз өз жарылқауы — шын өмірді Мәңгі бақи сыйлауға ұйғарған еді.

Забур жырлары — Chapters