[1] (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
[2] Уа, Құдай, мені ақтаушы Өзіңсің, Сиынғанымда Сен құлақ сала гөр. Мені қысымшылықтан азат еттің, Қазір де рақыммен құлақ түре гөр.
[3] Әй, пенделер, сендер абыройымды Қашанғы қорлап төге бермексіңдер? Жақсы көріп құр сөз бен бос істерді, Қашанғы өтірікке ермексіңдер?
[4] Біліңдер: Жаратқан әділді таңдады, Жалбарынсам, Ием құлақ асады.
[5] Ашуланғанда күнә жасамаңдар, Төсекте жатқанда ойланып-толғаныңдар, Жүрек түкпірін тексеріп, тынығыңдар!
[6] Жаратқанға лайықты тарту арнаңдар, Оған сенім артып, мойынсұныңдар!
[7] «Кім бізге жақсылық жасар?» деп сұрап, Күдік келтіреді көптеген кісілер. Уа, Жаратқан, жылы шыраймен қарап, Бет-жүзіңнің нұрын бізге төге гөр.
[8] Молайса нан менен жүзім шырыны, Саған сенбейтіндер масаттанады. Менің жүрегімді Өзің шаттандырдың, Соншама зор қуанышқа толтырдың.
[9] Уа, Жаратқан, мен төсегіме жатып Ұйықтаймын енді қаннен-қаперсіз, Өйткені Өзің маған бердің сыйлап Тыныш өмірді қауіп-қатерсіз.