Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:58

[1] (Дәуіттің насихат жыры.) Әділетсіз істері кешірілген, Барлық күнәларынан ақталған Қандай бақытты әрбір жан!

[2] Иеміз мойнына кінә артпайтын, Жан дүниесінде жалғандық болмайтын Қандай бақытты әрбір жан!

[3] «Күнәмді айтқым келмеп еді, Сонда аяқ-қолым сырқырай берді, Ыңқылдап жүрдім күні бойы.

[4] Себебі күні-түні Сенің қолың Зілдей боп үстімде жатты менің. Сол кезде жаздың аптабы семдірген Көк шөпке ұқсап солып қалдым мен. //

[5] Сонда алдыңда күнәмді мойындадым, Әділетсіздігімді енді жасырмадым. Жаратқанға кінәмді ашық айтам дедім, Сен сонда барлық күнәмді кешірдің.

[6] Сондықтан Өзіңе адал жүрген жан Пәлеге тап болғанда, сиынсын Саған. Тіпті топан судай апат келгенмен, Ажалдан құтылады ол аман-есен.

[7] Сен баспанамсың пәледен сақтайтын, Құтқарылғаныма қуана ән шырқаймын». //

[8] «Мен саған ақыл-кеңес беремін, Жүретін жолыңды көрсетемін. Сені таса қылмай көзімнен, Әрдайым жетелеп жүремін Мен.

[9] Ақылсыз ат пен есектей қасарма, Ауыздық, жүген саласың оларға, Әйтпесе бағынбай жүрер олар да».

[10] «Құдайсыз жан көп қасірет шегеді, Ал Жаратқанға сенімін артқан пендені Оның берік рақымы қоршай береді.

[11] Иемізге қуаныңдар, әділдер, шаттаныңдар! Шын жүректен адалдар, қуана ән салыңдар!»

Забур жырлары — Chapters