Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 0:53

[1] (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Жаратқан Иеге сенім артқандар Сион тауындай шайқалмай мәңгі тұрар.

[2] Таулар Иерусалимді жан-жақтан қоршайды, Жаратқан Ие өз халқын солай қоршайды, Қазір де, мәңгі де аман сақтап қорғайды.

[3] Әділдер жамандыққа ұмтылмау үшін, Зұлымдардың оларға билігі шектелген.

[4] Мейірімділер мен ақпейілділерге Игілік ете гөр, уа, Жаратқан Ие!

[5] Ал жүріп жатқандарды теріс жолдармен Иеміз бірге аластатсын заңсыздармен. Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!

Забур жырлары — Chapters