Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 2:13

[1] Жаратқан Ие ізгі, Оны мадақтаңдар, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[2] «Тәңірлерден» жоғары Құдайды мақтаңдар, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[3] Иелердің Иесін мадақтаңдар, Рақымы Оның мәңгіге ұласады!

[4] Жалғыз Өзі ұлы кереметтер жасайды, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[5] Ол көкті даналықпен жаратты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[6] Жер бетін теңіз суынан жоғары орнатты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[7] Аспанда үлкен шырақтар жаратты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[8] Күндізді билейтін күнді жаратты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[9] Түнді билейтін ай мен жұлдыздарды жаратты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады!

[10] Ол Мысырды жазалап тұңғыштарын құртты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[11] Сол елден Исраилді бастап алып шықты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[12] Мұны зор құдіретімен жүзеге асырды, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[13] Қамысты теңізді қақ айырды, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[14] Ортасымен Исраил халқын алып шықты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[15] Перғауын мен әскерін теңізге батырды, Рақымы Оның мәңгіге ұласады!

[16] Ол өз халқын иен даламен бастап жүрді, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[17] Ұлы патшаларға соққы берді, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[18] Күшті патшалардың көзін құртты, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[19] Аморлықтар патшасы Сихонды жойды, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[20] Әрі Башан патшасы Огты да жеңді, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[21] Олардың жерлерін иелікке тапсырды, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[22] Құлы Исраилге мұралыққа табыстады, Рақымы Оның мәңгіге ұласады!

[23] Нашар халімізде бізді назарында ұстады, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[24] Жауларымыздың қолынан құтқарды, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[25] Ол барлық жан иелерін тамақтандырады, Рақымы Оның мәңгіге ұласады,

[26] Көктегі Құдай Иені мадақтаңдар, Рақымы Оның мәңгіге ұласады!

Забур жырлары — Chapters