Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:27

[1] (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің насихат жыры.

[2] Ол едомдық Доиқтың Саулға барып, Дәуіттің Ахимәліктің үйіне кіріп-шыққаны жайлы хабар жеткізген кезіне арналған.)

[3] Ей, мықты жан, қылмысыңа неге мақтанасың, Әйтсе де Құдай маған төгеді рақымын. Ұзақты күн сен құрту жайлы ойланасың.

[4] Өткір ұстарадай тіледі сенің тілің, Өтірікті айтуға шеберсің өзің,

[5] Зұлымдықты артық көресің жақсылықтан, Алдауды да ақиқатты айтудан. //

[6] Ей, алдамшы тіл, сен өзгенің жанын Жаралайтын сөзді айтуды ұнатасың!

[7] Содан да Құдай сені мәңгі құртады, Үйіңнен күшпен қуып шығарады, Тірілер арасынан аластатады. //

[8] Әділдер мұны көріп қайран қалады, Былай деп келекелейді сол арамды:

[9] «Міне, Құдайды паналамаған жан, Қайта, мол байлығын арқа тұтқан, Зұлымдықпен одан бетер нығайған».

[10] Ал мен Құдайдың киелі үйінің Ішінде жасыл зәйтүндей өсіп-өнемін, Құдайдың рақымына мәңгі сенемін.

[11] Уа, Ием, Сені игі істерің үшін Халқыңның алдында дәріптеймін, Ізгі мейіріміңе сүйенемін.

Забур жырлары — Chapters