[1] Ием, мен Саған сенімімді жүктедім, Содан мынаны айттым: «Қатты қиналып жүрмін!»
[2] Үрейім ұшып, тым абыржыған едім, «Күллі жандар өтірікші!» деп түңілдім.
[3] Жаратқанның көрсеткен жақсылықтарын Қалай ғана Өзіне қайтара аламын?
[4] Мені құтқарғаны үшін шүкірлік тостағанын Көтеріп, паш етемін Иеміздің атын,
[5] Жаратқанға берген анттарымның барлығын Бүкіл халқы алдында іске асырамын.
[6] Иемізге бағышталған адамдарының Ажалына Жаратқан Ие аударады назарын.
[7] Уа, Ием, шынымен Сенің қызметшіңмін, Мен, сондай-ақ, күңіңнің баласымын, Сен Өзің мені бұғаудан босаттың.
[8] Шүкірлік құрбандығын ұсынамын Саған, Сенің атыңды паш етемін, уа, Жаратқан.
[9] Жаратқанға берген анттарымның барлығын Бүкіл халқы алдында іске асырамын:
[10] Иемнің киелі үйінің ауласында, Уа, Иерусалим, сенің қақ ортаңда. Жаратқан Иені мақтаңдар әр уақытта!