Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:04

[1] (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Жаратқан Иені қастерлейтін, Оның жолдарымен жүретін Әрбір адам қандай бақытты!

[2] Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің, Құдай сені жарылқап, өркендейсің.

[3] Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі Жемісті жүзім бұтасы секілді, Ал ұл балаларың дастарқан басындағы Зәйтүн ағашының өркендері сияқты.

[4] Жаратқан Ие осылай жарылқайды Өзін терең қастерлеген жандарды.

[5] Сион тауындағы киелі үйінен Жаратқан Ие сені жарылқай берсін. Өмір бойы Иерусалимнің амандығын

[6] Көресің һәм немерелеріңнің қызығын. Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!

Забур жырлары — Chapters