Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:21

[1] (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, сегіз ішекті жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)

[2] Уа, Ием, маған ызаланып сөге көрме, Қаһарланып мені жазалай көрме.

[3] Әлсізбін, о, Ием, рақымды бола гөр, Дірілдеген денемді сауықтыра гөр.

[4] Жан дүнием қатты арпалысады, Жол бересің, уа, Ием, бұған қашанғы?

[5] Я, Ием, қайтып, жанымды құтқара гөр, Берік рақымыңмен аман сақтай гөр.

[6] Өлгендер Сені естеріне алмас, Көрдегілер Сені мадақтамас.

[7] Күрсіне ыңқылдап қатты шаршаймын, Түні бойы зар еңіреп жылаймын, Төсегімді көз жасыммен дымқылдаймын.

[8] Осы қайғымнан көзім солып қалды, Көп жауыма бола көруден қалды.

[9] Аулақ менен, бар зұлымдық жасайтындар! Ием құлақ түрді жылаған даусыма,

[10] Жаратқан естіді жалынышымды, Иә, Ием қабылдайды мінажатымды.

[11] Бар жауым үрейленіп масқаралансын, Кенеттен кері қайтып, қарабет болсын.

Забур жырлары — Chapters