Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:13

[1] (Дәуіттің жыры.) Рақым мен әділдік жайлы ән шырқаймын, Уа, Жаратқан, әніммен Сені мадақтаймын.

[2] Мінсіз жүру жайлы мұқият ойлаймын, «Қашан маған келесің?» деп сұраймын, Таза жүрекпен үйімді аралаймын.

[3] Арам нәрселерге еш көз салмаймын, Опасыздардың істерін мүлдем ұнатпаймын, Өзіме жабысуларына мүмкіндік бермеймін.

[4] Азғын жүректіні қасымнан қуамын, Зұлымдық атаулыдан аулақ боламын,

[5] Өзгені құпия жамандайтынды жоямын, Паң көзді, өркөкірекке төзе алмаймын.

[6] Елдегі адалдарға назар аударамын, Олар аман-есен қасымда тұра алсын, Таза жүргендер ғана маған қызмет қылсын.

[7] Ешбір алдамшы сарайымда тұрмайды, Жалған сөйлеуші көз алдымда қалмайды.

[8] Таң атқаннан зұлымның бәрін басамын, Жаратқанның қаласынан сұмдарды құртамын.

Забур жырлары — Chapters