Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 0:54

[1] (Дәуіттің жыры.) Уа, Жаратқан, Сенің тұрағыңда кім тұра алады, Киелі тауыңда кімнің тұруына болады?

[2] Сондай адам мінсіз жүріп әділдік істейді, Шын жүректен ақиқатты ғана сөйлейді,

[3] Ешкімді уытты тілмен өсектемейді, Жолдасына ешбір зұлымдық істемейді, Жақынының арына дақ түсірмейді.

[4] Арамза адамдарды ол еш жақтырмайды, Ал Иемізді қастерлейтінді ардақтайды, Өзіне қиын болса да, сөзін орындайды,

[5] Мұқтажға қарыз бергенде өсімін алмайды, Пара алып жазықсыз жанды қараламайды. Мұны істеуші нық тұрып мәңгі шайқалмайды.

Забур жырлары — Chapters