Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 0:56

[1] (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Мүшкіл халімде Иеме жалбарындым, Ол мінажатыма түрді құлағын.

[2] Құтқара көрші мені, уа, Жаратқан, Айлалы тіл мен өтірікші ауыздан.

[3] Ісіңнің қарымтасын, ей, айлакер жан, Саған қанша қылып қайтарар Жаратқан:

[4] Тартар жазаң сарбаздың өткір оғындай, Әрі жанған ағаш көмірінің шоғындай.

[5] Алыс Мешехте кірме болып тұрған, Қидар шөлінде шатыр маңында қонған Сияқты сорлы басымды қайғы басқан!

[6] Ынтымақты ұнатпайтындармен Ұзақ уақыт бірге тұрып келемін,

[7] Татулықты сүйетін жанмын мен, Ал олар таласпақшы, бұл жайлы сөйлесем.

Забур жырлары — Chapters