Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 1:29

[1] Мақтанба ертеңгі күніңмен, Сол күннің не әкелерін білмейсің сен.

[2] Басқа сені мақтасын, өз аузың емес, Басқаның сөзі, өз тілің емес.

[3] Тас салмақты, құм да ауыр, Ақымақтың жәбірі екеуінен де ауыр.

[4] Ашу қатал, қаһар тасқындай басар, Ал қызғаныштың күшіне кім қарсы тұра алар?

[5] Сүйіспеншілігін жасырып, жалтарғаннан гөрі Ренжіткенге ашық ескерту жасаған игі.

[6] Досыңның сөгуі шынайы, Дұшпаныңның сүюі алдамшы.

[7] Тойынған балдан да бас тартар, Ашыққанға ащы ас та балдай болар.

[8] Ата жұрттан безіп кеткен Құсқа ұқсас ұясын тастап кеткен.

[9] Жұпар мен иісмай жүректі қуантар, Досың адал кеңесімен ұнамды болар.

[10] Қол үзбе өз досыңнан, Әкеңнің де досынан. Басыңа сенің күн туғанда Ағайынның үйіне қашып барма. Іргедегі көршің артық қой Алыстағы сол ағайыныңнан.

[11] Балам, парасатты бол, мені қуантарсың, Сонда өзімді қорлағандарға жауап бере алармын.

[12] Зерделі жан қатер көріп бас сауғалар, Аңғал адам жүре беріп жаза тартар.

[13] Бөгдеге біреу кепіл болар, Сонда оның шапанын шешіп алыңдар, Бөгде әйелдің қарызына кепілдік сол болар.

[14] Азанда көршісіне айқайлап бата сұраған Туралы ойлайды жұрт «көршісін қарғап жатқан».

[15] Жаңбырлы күні тоқтаусыз тамшылайды, Ұрысқақ әйел де тыным тапқызбайды.

[16] Оны тыю ұқсайды желді тыйғанға Я майлы қолмен бір затты ұстағанға.

[17] Темір темірді қайрайды, Адам адамды қайрайды.

[18] Ағашты күткен оның жемісін жер, Қожасын күткен оның сыйын көрер.

[19] Адам суға қарап өзінің бет-жүзін көрер, Жүрегіне қарап өзінің кім екенін білер.

[20] Ажал мен тозақ тойымсыз, Адамның көзі де тойымсыз.

[21] Күмісті балқытып, алтынды көрікте сынар, Адам баласы мақталғанда сыналар.

[22] Ақымақты тіпті бидайдай келіде түйсе де, Ақымақтығынан арылта алмас еді ешкім де.

[23] Отарларыңның күйін жақсы бақыла, Табындарыңа да мұқият қара.

[24] Себебі байлық мәңгілік емес, Билік те ұрпақтан ұрпаққа берілмес.

[25] Шөп шабылып, орнына көк шөп шығар, Жұрт тау шөбін де жинап алар,

[26] Сонда киімің үшін қойыңнан жүн қырқарсың. Серкелеріңнің бағасына жер сатып аларсың.

[27] Өзіңе, отбасыңа ешкі сүті мол болар, Қызметші қыздарыңа да жетіп артылар.

Нақыл сөздер — Chapters