Skip to content
Opens in a new window

[1] Бүкіл Исраил халқы осылай шежірелерінде тіркелді. Сол шежірелері «Исраил патшаларының кітабында» жазылды. Ал кейін Яһуда патшалығының халқы Жаратқан Иеге опасыздық жасағандарының кесірінен Бабыл еліне жер аударылды.

[2] Бабылдан қайтып келгеннен кейін алғашқы болып өз қалаларында қайта қоныстанып, мұралық жерлерін иемденгендер кейбір исраилдіктер, діни қызметкерлер, леуіліктер және ғибадатхана жұмыстарын атқарушы қызметшілер болды.

[3] Яһуда, Бунямин, Ефрем, Манаса руларының Иерусалимде тұрып жатқандары мыналар еді:

[4] Утай Амихудтың ұлы, Амридің немересі, Имридің шөбересі, Банидың шөпшегі болатын. Олар Яһуда ұлы Парестің ұрпақтары.

[5] Яһуда ұлы Шелахтың ұрпақтарынан: тұңғыштық жолы болған Асаях және оның ұлдары.

[6] Яһуданың немересі Зарахтың ұрпақтарынан: Еуел және оның бауырлары. Яһуда руының Бабылдан қайтып келгендерінің саны — алты жүз тоқсан.

[7] Бунямин руынан: Саллу Мешуламның ұлы, Ходауияхтың немересі, Сенуаның шөбересі еді. Саллудан басқа:

[8] Ерохамның ұлы Ибнеях; Ұззидің ұлы, Михридің немересі; Ела, Шафатияхтың ұлы, Рәгуелдің немересі, Ибнияхтың шөбересі Мешулам.

[9] Шежірелерінде жазылғандай, Бабылдан оралған буняминдіктердің саны: тоғыз жүз елу алты. Осы адамдардың барлығы өз әулеттерінің басшылары болды.

[10] Діни қызметкерлердің Бабыл елінен қайта оралғандары: Едаях, Ехоярип, Яхин,

[11] Азариях. Азариях Хелкияның ұлы, Мешуламның немересі, Садықтың шөбересі, Мерайоттың шөпшегі, Ахитұбтың неменесі еді. Ахитұб Құдайдың ғибадатханасының басқарушысы болған.

[12] Адаях Ерохамның ұлы, Пашхурдың немересі, Малқияхтың шөбересі, ал Мағасай Адиелдің ұлы, Яхзераның немересі, Мешуламның шөбересі, Мешілемиттің шөпшегі, Имердің неменесі еді.

[13] Әулет басшысы болған діни қызметкерлердің саны: мың жеті жүз алпыс болды. Олардың барлығы қолдарынан іс келетін, Құдайдың ғибадатханасында жұмыс атқарған адамдар еді.

[14] Леуіліктердің оралғандары: Шемаях Хашубтың ұлы, Азыриқамның немересі, Хашабияхтың шөбересі еді. Олар Мерари тармағына жататын.

[15] Сондай-ақ, Бақбақар, Хереш, Ғалал, Маттаниях. Маттаниях Миханың ұлы, Зіхридің немересі, Асафтың шөбересі еді.

[16] Абадиях Шемаяхтың ұлы, Ғалалдың немересі, Едутунның шөбересі еді. Барақиях нетопаттықтардың елді мекендерінде тұрған Елқанахтың немересі, Асаның ұлы еді.

[17] Қақпа күзетшілерінен Бабылдан қайта оралғандары: Шаллум, Ақуб, Талмон, Ахиман және олардың ағайындары. Қақпа күзетшілерінің басшысы Шаллум болатын.

[18] Бұлар ғибадатхананың шығыс жағындағы Патша қақпасында осы күнге дейін қызмет атқарып келеді. Олар, сондай-ақ, леуіліктердің мекендерінің де қақпа күзетшілері.

[19] Шаллум Қоренің ұлы, Әбиясафтың немересі, Қорахтың шөбересі еді. Шаллум мен оның әулетіне жататын қақпа күзетшілері қайта тұрғызылған киелі үйдің кіреберістерін қарауылдауға міндетті болды. Ежелде олардың ата-бабалары да Жаратқан Иенің (жер бетіндегі) тұрағының кіреберістерін күзеткен болатын.

[20] Баяғы заманда (діни қызметкер) Елазар ұлы Пінехес қақпа күзетшілерін басқарып, Жаратқан Ие онымен бірге болып жар болған еді.

[21] Кейінірек Мешелемиях ұлы Зәкәрия кездесу шатырының кіреберісінің күзетшісі болды.

[22] Жалпы, қақпа күзетшілерінің саны — екі жүз он екі. Олар өздерінің елді мекендерінде шыққан ата-тектері бойынша тіркелді. Дәуіт және Самуил пайғамбар осы қақпа күзету қызметін атқаруға (олардың ата-бабаларын) сенімділіктеріне бола таңдап алған болатын.

[23] Содан олардың өздері де, кейінгі ұрпақтары да Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қақпаларды күзетіп жүрді. Осы киелі үй бұрынғы киелі шатырдың орнын басқан еді.

[24] Қақпа күзетшілері ғибадатхананың төрт жағында: шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстікте тұратын.

[25] Олардың елді мекендерінде тұратын руластары кезекпен келіп, жеті күндік қызмет ету мерзімдерін атқарып кетуге тиіс болды.

[26] Сол басты төрт қақпаның леуілік күзетшілеріне зор аманат тапсырылды. Олар Құдайдың киелі үйіндегі бөлмелер мен қазыналардың үстінен қарайтын.

[27] Бұларға Құдайдың киелі үйін күзету жүктелгендіктен, олар оның айналасында түнеп шығып, күн сайын таңертең оның қақпаларын ашуға міндетті болды.

[28] Леуіліктердің кейбіреулері ғибадатханадағы қызметтерде қолданылатын ыдыстар мен құрал-жабдықтар үшін жауапты болды. Сол қызметшілер ыдыстар мен құрал-жабдықтарды әкелініп, әкетілген кездерінде түгендеп санайтын.

[29] Басқаларына киелі үйдегі жиһаздар мен барлық басқа аспаптарға әрі таңдаулы ұн, шарап, зәйтүн майы, түтетілетін хош иісті заттарға және дәмдеуіштерге күтім жасау жүктелді.

[30] Ал хош иісті заттар мен иісмайды араластырып дайындаумен діни қызметкерлердің кейбіреулері ғана айналысты.

[31] Қорахтың ұрпағы Шаллумның тұңғышы Мататиях есімді леуілік табада пісіріліп, тарту ретінде ұсынылатын нанды дайындауды басқарды.

[32] Қахаттық тармаққа жататын олардың ағайындарының кейбіреулеріне әр демалыс күні ерекше нанды пісіріп, арнайы үстелге ұсынып қою міндеті жүктелді.

[33] Әнші-күйшілер және леуілік әулет басшылары ғибадатхананың жанындағы бөлмелерде тұратын. Олар қызметтерін кезекпен күні-түні атқаратындықтан, қызметтің басқа түрлерінен босатылды.

[34] Осылардың барлығы шежірелерінде жазылғандай, леуілік әулеттердің басшылары болды. Бұл жетекшілер Иерусалимде тұратын.

[35] Гибеонның түп атасы Еиел Гибеон қаласында тұрды. Оның әйелінің аты Маха,

[36] тұңғыш ұлының аты Абыдон болатын. Еиелдің одан кейінгі ұлдары: Сур, Қиш, Бағал, Нер, Надаб,

[37] Гедор, Ахио, Зәкәрия,

[38] Миқлот. Миқлот Шимеяхтың әкесі болды. Бұлар да ағайындарының қасында Иерусалимде тұрды.

[39] Нердің ұлы Қиш, Қиштың ұлы Саул (патша) еді. Саулдың ұлдары: Жонатан, Мәлхисуа, Әминадап, Әшбағал.

[40] Жонатанның ұлы Меріб-Бағал, ал соның ұлы Миха болды.

[41] Миханың ұлдары: Питон, Мәлік, Тареях, Ахаз.

[42] Ахаздың ұлы: Жоғадах, Жоғадахтың балалары: Алемет, Азмаует, Зімри, ал Зімридің ұлы Моса еді.

[43] Мосадан өрбіген ұрпақтар: Мосадан Бинея, одан Рефаях, одан Елеаса, одан Асел.

[44] Аселдің алты ұлы болды, олардың есімдері: Азыриқам, Бохыру, Ысмағұл, Шеғариях, Абадиях, Ханан. Осылардың барлығы Аселдің ұлдары еді.

Шежірелер 1-ж — Chapters