[1] Дәуіт пен оның қолбасшылары Асафтың, Хеманның және Едутунның кейбір ұлдарын ерекше көңіл күйіне еніп жетіген, шертер, сылдырмақтың сүйемелдеуімен мадақтау жырларын айту қызметіне айрықша тағайындады. Осы қызметті атқарған адамдардың тізімі мынау:
[2] Асафтың ұлдарынан: Зақур, Жүсіп, Нетаниях, Ашарелах. Асаф өз ұлдарына жетекшілік етті. Асафтың өзі Дәуіт патшаның басқаруымен ерекше көңіл күйіне еніп мадақтау жырларын айтатын.
[3] Едутуннің ұлдарынан: Ғодалиях, Сери, Ишая, Шимей, Хашабиях, Мататиях; барлығы — алтау. Оларға әкесі Едутун жетекшілік етті. Оның өзі жетігенде ойнағанда ерекше көңіл күйіне еніп Жаратқан Иені мадақтап, Оған шүкірлік білдіретін.
[4] Хеманның ұлдарынан: Буқиях, Маттаниях, Ұзиел, Шебуил, Еримот, сондай-ақ Хананиях, Ханани, Әлиата, Ғидалти, Ромамти-Езер, әрі Жошбеқашах, Малоти, Хотир, Махазиот.
[5] Осылардың бәрі де патшаның пайғамбары Хеманның ұлдары болатын. Себебі Құдай Өзінің Хеманның абыройын көтеремін деп берген уәдесін жүзеге асырып, оған он төрт ұл мен үш қыз сыйлаған еді.
[6] Осы аталғандардың барлығы да Құдай Иенің киелі үйінде сылдырмақ, домбыра, жетігенде ойнап, ән-жыр айтатын. Олар сол қызметті өздерінің әкелерінің жетекшілігімен атқаратын. Асаф, Хеман, Едутун патшаның қарамағында болды.
[7] Олардың өздері де, ағайындары да Жаратқан Иені ән-күймен мадақтау үшін арнайы дайындықтан өткен нағыз шеберлер болатын. Олардың жалпы саны екі жүз сексен сегіз еді.
[8] Олар не жас, не кәрі болсын, не тәлімгер, не шәкірт болсын, қызмет ететін кезектеріне жеребе арқылы тағайындалған еді.
[9] Асафқа тиісті бірінші жеребе Жүсіпке және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Екінші жеребе Ғодалияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[10] Үшінші жеребе Зақурға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[11] Төртінші жеребе Сериге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[12] Бесінші жеребе Нетанияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[13] Алтыншы жеребе Буқияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[14] Жетінші жеребе Ашарелахқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[15] Сегізінші жеребе Ишаяға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[16] Тоғызыншы жеребе Маттанияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[17] Оныншы жеребе Шимейге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[18] Он бірінші жеребе Ұзиелге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[19] Он екінші жеребе Хашабияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[20] Он үшінші жеребе Шубаилға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[21] Он төртінші жеребе Мататияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[22] Он бесінші жеребе Еримотқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[23] Он алтыншы жеребе Хананияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[24] Он жетінші жеребе Жошбеқашахқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[25] Он сегізінші жеребе Хананиге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[26] Он тоғызыншы жеребе Малотиге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[27] Жиырмасыншы жеребе Әлитаға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[28] Жиырма бірінші жеребе Хотирге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[29] Жиырма екінші жеребе Ғидалтиге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[30] Жиырма үшінші жеребе Махазиотқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
[31] Жиырма төртінші жеребе Ромамти-Езерге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.