Skip to content
Opens in a new window

[1] Буняминнің тұңғыш ұлы Бела, екінші ұлы Ашбел, үшінші ұлы Ахрай,

[2] төртінші ұлы Ноха, бесінші ұлы Рафа еді.

[3] Беланың ұлдары: Аддар, Гера, Әбихуд,

[4] Абишуа, Нағыман, Ахоах,

[5] Гера, Шефуфан, Хурам.

[6] Гебада тұрып, ал кейін Манахатқа жер аударылған әулеттердің басшылары болған Ехудтың ұрпақтары мыналар:

[7] Нағыман, Ахиях, Гера. Оларды Гера бастап алып барды. Оның ұлдары Ұзза мен Ахихуд болатын.

[8] Шәкәрім екі әйелі Хушим мен Бағарадан ажырасқаннан кейін, Моаб елінде де бала сүйді.

[9] Оның әйелі Ходеш Жобаб, Сибиях, Меша, Малқам,

[10] Еус, Сахия, Мирма есімді ұлдарды туды. Шәкәрімнің осы ұлдары әулет басшылары болды.

[11] Шәкәрімнің бұрынғы әйелі Хушим оған Абитуб пен Елпағал есімді екі ұл туып берген болатын.

[12] Елпағалдың ұлдары: Ебер, Мишам, Шемед. Шемед Оно мен Лодты әрі Лодқа қарасты елді мекендерді салды.

[13] (Елпағалдың басқа ұлдары:) Бериях пен Шема. Осы екеуі Аялон тұрғындарының әулет басшылары болатын. Ғаттың тұрғындарын сол қаладан қуып шыққан да осылар еді.

[14] Ахио, Шашақ, Еремот,

[15] Забадиях, Арад, Едер,

[16] Михайл, Ишфа, Жоха: Берияхтың ұрпақтары.

[17] Забадиях, Мешулам, Хизки, Хебер,

[18] Ишмерай, Излиях, Жобаб: Елпағалдың ұрпақтары.

[19] Жәкім, Зіхри, Забди,

[20] Елиенай, Силтай, Елиел,

[21] Адаях, Бераях, Шимрат: Шимейдің ұрпақтары.

[22] Ишпан, Ебер, Елиел,

[23] Абыдон, Зіхри, Ханан,

[24] Хананиях, Елам, Антотиях,

[25] Ифдиях, Пенуел: Шашақтың ұрпақтары.

[26] Шамшерай, Шехариях, Ғотолия,

[27] Ярешиях, Ілияс, Зіхри: Ерохамның ұрпақтары.

[28] Осылардың өз әулеттерінің басшылары болғандығы шежірелерде тіркелген. Олар Иерусалимде тұрды.

[29] Гибеонның түп атасы Еиел Гибеон қаласында тұрды. Оның әйелінің аты Маха,

[30] тұңғыш ұлының аты Абыдон болатын. Еиелдің одан кейінгі ұлдары: Сур, Қиш, Бағал, Нер, Надаб,

[31] Гедор, Ахио, Зәкәрия,

[32] Миқлот. Миқлот Шимеяхтың әкесі болды. Бұлар да ағайындарының қасында Иерусалимде тұрды.

[33] Нердің ұлы: Қиш, Қиштың ұлы: Саул (патша). Саулдың ұлдары: Жонатан, Мәлхисуа, Әминадап, Әшбағал.

[34] Жонатанның ұлы: Меріб-Бағал, ал соның ұлы: Миха.

[35] Миханың ұлдары: Питон, Мәлік, Тареях, Ахаз.

[36] Ахаздың ұлы: Жоғадах, Жоғадахтың балалары: Алемет, Азмаует, Зімри, ал Зімридің ұлы: Моса.

[37] Мосадан өрбірген ұрпақтар: Мосадан Бинея, одан Рефаях, одан Елеаса, одан Асел.

[38] Аселдің алты ұлы болды, олардың есімдері: Азыриқам, Бохыру, Ысмағұл, Шеғариях, Абадиях, Ханан. Осылардың барлығы Аселдің ұлдары еді.

[39] Аселдің інісі Ешектің ұлдары: тұңғышы Ұлам, екіншісі Егуш, үшіншісі Әлипәлет еді.

[40] Ұламның ұлдары садақ атуға шебер мықты сарбаздар болды. Олардың ұлдары мен немерелерінің жалпы саны өте көп, барлығы жүз елу болды. Осылардың бәрі Буняминнің ұрпақтары.

Шежірелер 1-ж — Chapters