[1] (Алғашқыда Жақып деп аталған) Исраилдің ұлдары: Рубен, Шимон, Леуі, Яһуда, Исашар, Забулон,
[2] Дан, Жүсіп, Бунямин, Нафталим, Ғад, Ашир.
[3] Яһуданың ұлдары: Ер, Онан, Шелах. Осы үш ұлы Шуа есімді қанахандық адамның қызынан туған. Яһуданың тұңғыш ұлы Ердің мінез-құлқы Жаратқан Иеге жек көрінішті болғандықтан, Жаратқан Ие оның өмірін қысқа қылды.
[4] Кейін Яһуданың келіні Тамар оған Парес пен Зарахты туды. Яһуданың барлығы бес ұлы болды.
[5] Парестің ұлдары: Хесрон мен Хамул.
[6] Зарахтың ұлдары: Зімри, Етан, Хеман, Халқол, Дара, барлығы бесеу.
[7] (Зарахтың шөбересі) Қарми ұлы Ахан Жаратқан Иеге бағышталған, жойылуға тиісті заттан алып, Исраилдің басына пәле келтірді.
[8] Етанның ұлы: Азариях.
[9] Хесронның ұлдары: Ерахмел, Рам, Халеп.
[10] Рамнан Әминадап, Әминадаптан Яһуданың рубасы Нағасон,
[11] Нағасоннан Салмон, Салмоннан Боғоз,
[12] Боғоздан Ғабит, Ғабиттен Есей туды.
[13] Есейдің ұлдары: тұңғышы Елияп, екіншісі Абинадап, үшіншісі Шаммах,
[14] төртіншісі Нетанел, бесіншісі Раддай,
[15] алтыншысы Осем, ал жетіншісі Дәуіт (патша) еді.
[16] Есейдің қыздары: Сарұя, Әбигел. Сарұяның үш ұлы: Әбішай, Жоғаб, Асахил.
[17] Әбигел ысмағұлдық Етерге күйеуге шығып, Амасаны туды.
[18] Хесрон ұлы Халеп әйелі Азубадан мына ұлдарын сүйді: Ешер, Шобаб және Ардон. Халеп Ериоттан да бала сүйген.
[19] Азуба қайтыс болғанда, Халеп Ефратаға үйленді, ол Халепке Һұрды туды.
[20] Һұрдан Ұри, ал Ұридан Беселиел тарады.
[21] Кейінірек Хесрон жасы алпысқа толғанда, Ғилақадтың әкесі Махырдың қызына үйленіп, одан Сегуб есімді ұлын сүйді.
[22] Ғилақадтағы жиырма үш елді мекенді иемденген Жайыр сол Сегубтің ұлы болатын.
[23] Ал кейін Гешур мен Арама патшалықтары Жайырдың қоныстарын және Кенат қаласын айналасындағы елді мекендерімен бірге жаулап алды. Сол елді мекендердің жалпы саны алпыс болған. Бұларда қоныстанғандардың барлығы Ғилақадтың әкесі Махырдан тарады.
[24] Хесрон Халеп-Ефратада қайтыс болғаннан азғана уақыт өткенде, әйелі Абия оның ұлы Ашхұрды туды. Ашхұр Текояның әкесі болды.
[25] Хесронның тұңғыш ұлы Ерахмелдің ұлдары: тұңғышы Рам, ал кейінгілері Буна, Орен, Осем, Ахиях еді.
[26] Ерахмелдің Атара деген тағы бір әйелі болды, ол Онамды туды.
[27] Ерахмелдің тұңғыш ұлы Рамның ұлдары: Мағас, Ямин, Екер.
[28] Онамның ұлдары: Шаммай мен Ядақ. Шаммайдың ұлдары: Надаб, Абишур.
[29] Абишурдың әйелінің аты Әбихаил, ол оған Ахбан мен Молидті туды.
[30] Надабтың ұлдары: Селед, Афаим. Селед соңынан бала қалдырмай қайтыс болды.
[31] Ал інісі Афаимнан Иши, одан Шешан, одан Ахлай тарады.
[32] Шаммайдың інісі Ядақтың ұлдары: Етер, Жонатан. Етер соңынан бала қалдырмай қайтыс болды.
[33] Жонатанның ұлдары: Пелет, Заза. Осылардың барлығы Ерахмелден тараған ұрпақтар.
[34] Шешанның ұлдары болмай, тек қыздары болды. Шешан Жарқа деген мысырлық қызметшісіне
[35] бір қызын қосып, ол Аттайды туды.
[36] Аттайдан өрбіген ұрпақтар: Аттайдан Натан, одан Зауад,
[37] одан Ефлал, одан Ғабит,
[38] одан Еһу, одан Азариях,
[39] одан Хелес, одан Елеаса,
[40] одан Сисмай, одан Шаллум,
[41] одан Екамиях, одан Әлишама.
[42] Ерахмелдің інісі Халептің ұлдары: тұңғышы Меса, соның ұлы Зиф, ал екінші ұлы Мареша еді, ол Хебронның әкесі болды.
[43] Хебронның ұлдары: Қорах, Таппуах, Рекем, Шема.
[44] Шемадан өрбіген ұрпақтар: Шемадан Рахам, одан Жорқиям, одан Шаммай,
[45] одан Мағон, одан Бет-Сұр.
[46] Халептің Ефа есімді кәнизагы Харан, Моса, Ғазезді туды. Харанның ұлының есімі де Ғазез еді.
[47] Яхдайдың ұлдары: Регем, Жотам, Гешан, Пелет, Ефа, Шағаф.
[48] Халептің Маха есімді кәнизагы Шебер мен Тирханахты туды.
[49] Мадманахтың әкесі Шағафты және Махбенах пен Гибеяның әкелері Шеуаны туған да сол Маха болатын. Халептің бір қызының есімі Ахса еді.
[50] Осылардың барлығы Халептің үрім-бұтағы. Ефратаның тұңғышы Һұрдың ұлдары: Кирият-Иғарымның басқарушысы Шобал,
[51] Бетлехемнің басқарушысы Салмон, Бетгәдердің басқарушысы Хареф.
[52] Кирият-Иғарымның басқарушысы Шобалдың ұрпақтары: Хароге, Манахат тұрғындарының жартысы
[53] әрі Кирият-Иғарымды мекендеген Итір, Пұт, Шумат, Мишра атты әулеттер. Бұлардан Сора мен Ештағолдың тұрғындары тарады.
[54] Салмонның ұрпақтары: Бетлехем, Нетопат және Атырот-Бет-Жоғабтың тұрғындары, Манахат тұрғындарының қалған жартысы және Сораның тұрғындары.
[55] Ябесте тұрып жатқан хатшылар: Тират, Шимеят, Суха атты әулеттер. Бұлар Рехап әулетінің басшысы Хаматтан тараған кендіктер.