[1] Адам (ата), Сет, Енос,
[2] Қайнан, Мақалалел, Иәрет,
[3] Енох, Мәтусал, Ләмех, Нұх.
[4] Нұхтың ұлдары: Шам, Хам, Япші.
[5] Япшіден Гомер, Магог, Мадай, Яуан, Тұбал, Мешех, Тирас тарады.
[6] Гомерден Ашкеназ, Рифат, Тоғарма тарады.
[7] Яуанның ұлдары: Елиша, Тарсис, Кіттим, Доданим тарады.
[8] Хамның ұрпақтары: Құш, Мысыр, Пұт, Қанахан.
[9] Құштың ұрпақтары: Себа, Хауила, Сабтах, Рахама, Саптеха. Рахаманың ұрпақтары: Сәба, Дедан.
[10] Құштан Нымрод та тарады. Ол жер бетіндегі күшті әміршіге айналды.
[11] Мысырдан луд, анам, лехап, нафтух,
[12] патрус, қаслух, қаптор атты халықтар тарады. Осылардан філістірлер шықты.
[13] Қанаханның тұңғыш ұлы Сидон еді. Содан кейін Қанаханнан хеттік,
[14] ебустік, аморлық, гергестік,
[15] хевтік, арқалық, синдік,
[16] аруадтық, семарлық, хаматтық атты халықтар да тарады.
[17] Шамнан Елам, Ассур, Арпақсат, Луд, Арама тарады. Арамадан Ус, Хұл, Гетер, Мешех,
[18] Арпақсаттан Шелах, ал Шелахтан Ебер тарады.
[19] Еберден екі ұл туды. Тұңғышының есімі Пелек («Бөліну») болды, өйткені оның заманында жер беті бөлінді. Ал кенжесінің есімі Жоқтан еді.
[20] Жоқтаннан Алмодат, Шалеф, Хасармаует, Жерах,
[21] Хадорам, Узал, Диқла,
[22] Обал, Әбімаил, Сәба,
[23] Опыр, Хауила және Жобаб тарады. Бұлардың бәрі Жоқтанның ұрпақтары.
[24] (Мынау Ыбырайым пайғамбардың ата-тегі:) Шам, Арпақсат, Шелах,
[25] Ебер, Пелек, Рәгу,
[26] Серук, Нахор, Тарах,
[27] Ыбырам. Ол кейін Ыбырайым деп аталды.
[28] Ыбырайымның ұлдары: Ысқақ, Ысмағұл.
[29] (Ажардан туған) Ысмағұлдың үрім-бұтағының тарихы мынау: тұңғышы Набайот, одан кейін Қидар, Адбел, Мипсам,
[30] Мишма, Дума, Масса, Хадад, Тема,
[31] Етур, Нафиш, Кедмах туды. Бұлардың бәрі Ысмағұлдан тарады.
[32] Ыбырайымның кәнизагы Кетурадан көрген ұлдары: Зимран, Жоқшан, Медан, Мадиян, Ишбақ, Шуах. Жоқшанның ұлдары: Сәба, Дедан.
[33] Мадиянның ұлдары: Ефа, Ефер, Ханох, Абида, Елдаға. Бұлардың барлығы да Ыбырайымның Кетурадан көрген ұрпақтары болатын.
[34] Ыбырайымның Сарадан көрген ұлы — Ысқақ. Ысқақтың ұлдары: Есау, Исраил (Жақып).
[35] Есаудың (Едомның) ұлдары: Елипаз, Рәгуел, Егуш, Яғлом, Қорах.
[36] Елипаздың ұлдары: Теман, Омар, Сефо, Ғатам, Кеназ. Елипаз Тимнадан Амалек есімді ұл көрді.
[37] Рәгуелдің ұлдары: Нахат, Зарах, Шаммах, Миза.
[38] Сейірдің ұлдары: Лотан, Шобал, Сибеон, Анах, Дишон, Езер, Дишан.
[39] Лотанның ұлдары: Хори, Хемам. Тимна Лотанның қарындасы болатын.
[40] Шобалдың ұлдары: Албан, Манахат, Ебал, Шебо, Онам. Сибеонның ұлдары: Аях, Анах.
[41] Анахтың ұлы: Дишон. Дишонның ұлдары: Хемдан, Ешбан, Итран, Керан.
[42] Езердің ұлдары: Билхан, Зағауан, Яқан. Дишанның ұлдары: Ус, Аран.
[43] Исраил халқын билейтін патша шықпай тұрғанда Едом елінде билік құрған патшалардың аты-жөндері мыналар: Беғор ұлы Бела, оның тұрған қаласының аты Дінхаба еді.
[44] Бела қайтыс болды, оның орнына Босорадағы Зарах ұлы Жобаб патшалық құрды.
[45] Жобаб қайтыс болды, оның орнына темандықтардың елінен келген Хушам патшалық құрды.
[46] Хушам қайтыс болды, оның орнына Бедад ұлы Хадад патшалық құрды. Ол мадияндықтарды Моаб жерінде жеңіп шықты. Хададтың тұрған қаласының аты Ауит болатын.
[47] Хадад қайтыс болды, оның орнына Масректен келген Самла патшалық құрды.
[48] Самла қайтыс болды, оның орнына Евфрат өзенінің бойында орналасқан Рехоботтан келген Саул патшалық құрды.
[49] Саул қайтыс болды, оның орнына Ахбор ұлы Бағал-Ханан патшалық құрды.
[50] Бағал-Ханан қайтыс болды, оның орнына Хадад патшалық құрды. Оның тұрған қаласының аты Пау еді. Әйелі Мехетабелдің шешесі Матред, ал нағашы әжесі Месахаб болатын.
[51] Кейін Хадад та қайтыс болды. Едомның рубасылары: Тимна, Алуа, Етет,
[52] Охолибама, Ела, Пинон,
[53] Кеназ, Теман, Мипсар,
[54] Магдиел, Ирам. Едом халқының рубасылары осылар еді.