[1] Дәуіттің Хебронда дүниеге келген ұлдары: тұңғышы — Амнон, оның шешесі ізрелдік Ахиноғам еді. Екінші ұлы Даниял кәрмелдік Әбигелден туды.
[2] Үшіншісі — Абессалом, оның шешесі Гешур патшасы Талмайдың қызы Маха болатын. Төртінші ұлы — Адонияхтың шешесі Аггит,
[3] бесіншісі — Шафатияхтың шешесі Абитал, ал алтыншысы — Ітерамның шешесі Дәуіттің өзге әйелі Әгла болды.
[4] Осы алты ұлы Дәуіттің Хебронда жеті жыл алты ай бойы патшалық құрып жүрген кезінде туды. Бұдан кейін Дәуіт Иерусалимде отыз үш жыл патшалық құрды.
[5] Сонда дүниеге келген ұлдарының есімдері мыналар: Шаммуа, Шобаб, Натан, Сүлеймен. Бұл төртеуін Елиям қызы Барсабия туды.
[6] Сол тұста Дәуіттің Ипхар, Әлишуа, Елпәлет,
[7] Ноғах, Непек, Япияқ,
[8] Әлишама, Әлияда және Әлипәлет деген ұлдары да дүниеге келді: барлығы тоғыз.
[9] Дәуіттің ұлдары осылар, ал соларға қоса оның кәнизактарынан туған ұлдары да болды. Тамар Дәуіттің ұлдарына әпке-қарындас болатын.
[10] Дәуіт ұлы Сүлейменнен өрбіген ұрпақтар: Сүлейменнен Рохабоғам, одан Абиях, одан Аса, одан Жосапат,
[11] одан Жорам, одан Охозиях, одан Жоғас,
[12] одан Амасиях, одан Азариях (яғни Ұзиях), одан Жотам,
[13] одан Ахаз, одан Езекия, одан Манаса,
[14] одан Амон, одан Жосия.
[15] Жосияның ұлдары: тұңғышы Жоханан, екіншісі Жохақым, үшіншісі Седекиях, төртіншісі Шаллум.
[16] Жохақымнан кейін патша болғандар: оның ұлы Ехониях және туған інісі Седекиях.
[17] Бабылдықтар тұтқындап алып кеткен Ехонияхтың ұрпақтары мыналар: өз ұлы Салатиел,
[18] әрі Малқирам, Педаях, Шенасар, Екамиях, Хошама, Недабиях.
[19] Педаяхтың ұлдары: Зоробабел, Шимей. Зоробабелдің ұлдары: Мешулам, Хананиях, олардың әпке-қарындасы: Шеломит.
[20] Зоробабелдің бұлардан басқа тағы бес ұлы: Хашуба, Оһел, Барақиях, Хасадиях, Жушап-Хесед болды.
[21] Хананияхтан өрбіген ұрпақтар: Пелатиях пен Ишая әрі Рефаяхтың, Арнанның, Абадияхтың және Шеханияхтың ұлдары.
[22] Шеханияхтың ұрпақтары: Шемаях және оның ұлдары Хатуш, Иғал, Бариях, Неариях, Шапат, барлығы алтау.
[23] Неарияхтың ұлдары: Елиохенай, Езекия, Азыриқам, барлығы үшеу.
[24] Елиохенайдың ұлдары: Ходауиях, Елияшип, Пелаях, Ақуб, Жоханан, Делаях, Анани, барлығы жетеу.