Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 3:26

[1] «Егер біреу қауым басқарушысы болуға ынталанса, оның игілікті істі қалағаны». Бұл — дәл айтылған шынайы сөз.

[2] Ал қауым басқарушысының ешбір кінәратсыз таза болуы қажет: ол әйеліне адал, салауатты, байсалды, әдепті, қонақжай және қабілетті оқытушы,

[3] не арақ-шарапқа құмар, не ұрыншақ та емес, шыдамды, айтыс-тартыстан аулақ жүретін, ақшаға да құнықпайтын жан болуға тиіс.

[4] Ол отбасына жақсы басшылық жасап, балаларын өзін құрметпен тыңдайтындай етіп тәрбиелеуі шарт.

[5] Өйткені өз отбасына басшылық ете алмаған адам қалайша Құдайдың қауымын қамқорлай алады?

[6] Басқарушы сенім жолына жуықта ғана түскен біреу болмауға тиіс. Әйтпесе ол әзәзіл шайтан іспетті мақтаныштан кеудесін көтеріп, Құдайдың үкіміне ұшырауы мүмкін.

[7] Сондай-ақ, масқараланып, шайтанның торына түсіп кетпеуі үшін қауымнан тыс жұрттың да оған жақсы куәлік берулері керек.

[8] Сол сияқты, қауым қызметшілері де байыпты, өтірік айтпайтын жандар болып, маскүнемдік пен пайдақұмарлықтан аулақ жүрулері қажет.

[9] Олар бізге сенім туралы ашылған шынайы ілімдерді ұстанып, таза ар-ұжданмен өмір сүруге ұстануға тиіс.

[10] Бұлар да алдымен сыналсын. Содан кейін, егер айыпсыз болса, міндеттеріне кіріссін.

[11] Сондай-ақ (қауым қызметшілерінің) әйелдері де байыпты, өсек айтпайтын, салауатты, қай нәрседе де адал болуға тиіс.

[12] Қауым қызметшілері әйелдеріне адал болып, балалары мен отбасыларына жақсы басшылық етулері керек.

[13] Міндеттерін жақсы атқаратындар зор беделге және Мәсіх Исаға деген сенімде үлкен батылдыққа ие болады.

[14] Жақын арада саған баруға үміттенсем де, осы хатты жазып отырмын.

[15] Сөйтіп, егер кешіксем, сенушілердің «Құдайдың отбасының» мүшелері ретінде қалай әрекет етуге тиіс екенін сен білетін боласың. Ал Оның «отбасы» — мәңгі тірі Құдайдың қауымы; ол шындықты бағана мен тіреу іспетті көтеріп ұстайды.

[16] Құдайға ұнамдылық туралы бізге ашылған мына құпияның ұлы екендігі еш шүбәсіз: Мәсіх адам болып дүниеге келді, Киелі Рух әділдігін дәлелдеді, Содан Мәсіх періштелерге көрінді, Халықтарға Ол жарияланды, Жер жүзінде Оған көбі иланды, Ол ұлылықпен көкке қабылданды.

Тімотеге 1 — Chapters