[1] Су бетіне тұқымыңды себе бер, Көп күннен кейін ол өзіңе қайтып келер.
[2] Жеті не сегіз бөлікке бөл өзіңде барды, Білмейсің қандай пәлеге душар боларыңды.
[3] Қою бұлттар қаптағанда жерге жаңбыр әкелер. Не күнгей, не теріскейге құлаған ағаш сол күйінде жата берер.
[4] Желді уайымдаған тұқымын сеуіп тастамас, Бұлтты уайымдаған өнімін теріп жинамас.
[5] Білмейсің не дауылдың қайдан соғарын, Не құрсақтағы баланың қалай қалыптасқанын, Сол сияқты ұқпайсың ғаламның барлығын Жаратқан Құдайдың жасаған ғажаптарын.
[6] Таңертең тұқымыңды сеп, кешке де қол қусырып отырма! Өйткені қайсысының өнімді боларын, анаусы ма, мынаусы ма, әлде екеуі де бітік шыға ма, соны білмейсің.
[7] Жарық ұнамды, күн сәулесін көре алу көз үшін сондай ғанибет!
[8] Адам көп жасаса, барлық күндеріне қуансын! Ал алдындағы түнекке толы күндерінің де көп болатынын есінен шығармасын. Келешектегінің бәрі де күңгірт.
[9] Уа, жасөспірім, жас кезіңде көңіл көтер, сен нені қалап, өзіңе не ұнаса, соны істей бер. Әйтсе де бар істерің үшін Құдайға жауап беретініңді есіңнен шығарма!
[10] Сондықтан жан дүниеңнен ашу-ызаны, өміріңнен зұлымдықты аластат! Себебі балалық пен жастық шағың тез ғайып болмақ.