Skip to content
Opens in a new window
Listen to this chapter • 2:19

[1] Құдай таңдаған бәйбіше мен оның балаларына ақсақалдан дұғай сәлем! Сендерді шын жүректен жақсы көремін. Бұл жөнінде мен жалғыз емеспін, шындықты білетіндердің бәрі де сендерді жақсы көреді.

[2] Өйткені шындық өзімізде қазір бар және мәңгі бола береді.

[3] Құдай Әке мен Оның рухани Ұлы Иса Мәсіх рақымын, мейірімін және тыныштығын, сонымен қатар шындық пен сүйіспеншілігін бәрімізге сыйлай бермек.

[4] Балаларыңның арасынан шындық жолымен жүрген бірнешеуін көргеніме қатты қуандым: Құдай Әке бізге солай өмір сүруге өсиет етті.

[5] Сондықтан, бәйбіше, мынаны өтінемін: бәріміз бір-бірімізді жақсы көрейік. Мұны жаңа өсиет ретінде жазып отырған жоқпын, бұл өсиет бізде бастапқыдан бар.

[6] Ал осы сүйіспеншілік Оның өсиеттері бойынша жүруімізде. «Сүйіспеншілікке сай әрекет ету керек» деген бұл өсиетті бастапқыдан бері естіп келесіңдер.

[7] Дүниеге көптеген азғырушылар келе жатыр. Олар Иса Мәсіхтің жер бетіне адам бейнесінде келгенін мойындамайды. Азғырушыларды және Мәсіхке қарсы шығушыларды осыдан білуге болады.

[8] Еңбекпен қол жеткізгендеріңді жоғалтпай, Иемізден толық сыйларыңды алу үшін байқап жүріңдер!

[9] Мәсіхтің ілімімен жүрмей, одан шығып кеткен адамның Құдаймен қатынасы жоқ. Ал Оның ілімімен жүргендер көктегі Әкемен де, Оның рухани Ұлымен де тығыз байланыста болады.

[10] Сондықтан да біреу келіп, осы ілімге қарсы бір нәрсе үйретсе, ондайды үйлеріңе кіргізбеңдер, тіпті сәлемін де алмаңдар!

[11] Себебі біреудің сәлемін алған адам соның жамандық істеріне ортақ болады.

[12] Сендерге әлі көп нәрсе айтар едім, бірақ оны жазбаша жасағым келмейді. Өзім келіп, ауызба-ауыз сөйлессек деп ойлаймын, сонда зор қуанышқа кенелеміз.

[13] Құдай таңдаған бауырласыңның балалары дұғай сәлем жолдайды.