Езра 2
[1] Бабыл патшасы Набуходоносор өз еліне жер аударып әкеткен тұтқындардан Яһуда аймағына қайтып келгендері мыналар. Олар Иерусалим мен Яһудаға, кезінде өз ата-бабалары мекендеген сондағы қалаларына қайта оралды.
[2] Олардың жетекшілері: Зоробабел, Ешуа, Нехемия, Сераях, Регелай, Мардохай, Билшан, Міспар, Бигуай, Рехум, Бағанах. Қайта оралған исраилдіктердің жалпы саны:
[3] Пароштың ұрпақтары: екі мың бір жүз жетпіс екі адам.
[4] Шафатияхтың ұрпақтары: үш жүз жетпіс екі адам.
[5] Арахтың ұрпақтары: жеті жүз жетпіс бес адам.
[6] Пахат-Моабтың Ешуа мен Жоғаб атты екі ұлынан өрбіген ұрпақтары: екі мың сегіз жүз он екі адам.
[7] Еламның ұрпақтары: бір мың екі жүз елу төрт адам.
[8] Заттудың ұрпақтары: тоғыз жүз қырық бес адам.
[9] Заққайдың ұрпақтары: жеті жүз алпыс адам.
[10] Банидың ұрпақтары: алты жүз қырық екі адам.
[11] Бебайдың ұрпақтары: алты жүз жиырма үш адам.
[12] Азғадтың ұрпақтары: бір мың екі жүз жиырма екі адам.
[13] Адониқамның ұрпақтары: алты жүз алпыс алты адам.
[14] Бигуайдың ұрпақтары: екі мың елу алты адам.
[15] Адинның ұрпақтары: төрт жүз елу төрт адам.
[16] Езекияның тұқымынан шыққан Атердің ұрпақтары: тоқсан сегіз адам.
[17] Бесайдың ұрпақтары: үш жүз жиырма үш адам.
[18] Жорахтың ұрпақтары: жүз он екі адам.
[19] Хашумның ұрпақтары: екі жүз жиырма үш адам.
[20] Гибардың ұрпақтары: тоқсан бес адам.
[21] Бетлехемнің адамдары: жүз жиырма үш.
[22] Нетопаттың адамдары: елу алты.
[23] Анатоттың адамдары: жүз жиырма сегіз.
[24] Азмауеттің адамдары: қырық екі.
[25] Кирият-Иғаримның, Кефираның және Бегероттың адамдары: жеті жүз қырық үш.
[26] Рамақ пен Гебаның адамдары: алты жүз жиырма бір.
[27] Миқмастың адамдары: жүз жиырма екі.
[28] Бетел мен Айдың адамдары: екі жүз жиырма үш.
[29] Небоның адамдары: елу екі.
[30] Мағбиштың адамдары: жүз елу алты.
[31] Басқа Еламның адамдары: бір мың екі жүз елу төрт.
[32] Харымның адамдары: үш жүз жиырма.
[33] Лод, Хадид, Ононың адамдары: жеті жүз жиырма бес.
[34] Иерихонның адамдары: үш жүз қырық бес.
[35] Сенаяхтың адамдары: үш мың алты жүз отыз.
[36] Діни қызметкерлер: Едаяхтың Ешуадан өрбіген ұрпақтары: тоғыз жүз жетпіс үш адам.
[37] Имердің ұрпақтары: бір мың елу екі.
[38] Пашхурдың ұрпақтары: бір мың екі жүз қырық жеті адам.
[39] Харымның ұрпақтары: бір мың он жеті адам.
[40] Леуіліктер: Ешуаның және Қадмиелдің Ходауияхтан өрбіген ұрпақтары: жетпіс төрт адам.
[41] Әншілер: Асафтың ұрпақтары: жүз жиырма сегіз адам.
[42] Қақпа күзетшілері: Шаллум, Атер, Талмон, Ақуб, Хатита және Шобай есімді аталардың ұрпақтарының жалпы саны: жүз отыз тоғыз.
[43] Ғибадатхана қызметшілері: Сиха, Хасуфа, Таббаот,
[44] Керос, Сиях, Падон,
[45] Лебанах, Хагабах, Ақуб,
[46] Хагаб, Шамлай, Ханан,
[47] Гиддел, Ғахар, Реях,
[48] Ресин, Некода, Ғазам,
[49] Ұзза, Пасеах, Бесай,
[50] Асна, Меуним, Нефисим,
[51] Бақбұқ, Хақуфа, Хархур,
[52] Баслут, Мехида, Харша,
[53] Барқос, Сисара, Тамах,
[54] Несиях және Хатифа есімді аталардың ұрпақтары.
[55] Сүлейменнің қызметшілері: Сотай, Хасоферет, Перуда,
[56] Ялах, Дарқон, Гиддел,
[57] Шафатиях, Хатил, Похерет-Хасебаим және Ами есімді аталардың ұрпақтары.
[58] Ғибадатхана қызметшілері мен Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпақтарының жалпы саны: үш жүз тоқсан екі адам.
[59] Тел-Мелах, Тел-Харша, Керуб, Аддан, Имер деген жерлерден көшіп келген, бірақ өздерінің қай әулеттен екенін, тіпті Исраил халқына жататындықтарын да дәлелдей алмағандар мыналар:
[60] Делаях, Тобиях, Некода есімді аталардың ұрпақтары. Олардың жалпы саны: алты жүз елу екі адам.
[61] Діни қызметкерлердің Хобаях, Хақос және Барзилай есімді аталарының ұрпақтары да көшіп келген еді. Соңғы әулеттің арғы аталарының бірі ғилақадтық Барзилайдың бір қызына үйленіп, қайын атасының атымен аталған болатын.
[62] Осы оралмандар шежіре жазбаларынан өз ата-тектерін іздеп көрді, бірақ таба алмады. Сол себепті олар діни қызмет атқарудан шеттетілді.
[63] Яһуда аймағының әкімі олар жөнінде былай деп шешті: «Нұр және Кемелділік атты қасиетті жеребелер арқылы осы мәселе жайлы Құдайдың еркін біліп алатын діни қызметкер пайда болмайынша, олардың ғибадатханадағы ерекше киелі тартулардан жеулеріне болмайды».
[64] Бүкіл қауымның жалпы саны қырық екі мың үш жүз алпыс адам болды.
[65] Бұған қоса олардың жеті мың үш жүз отыз жеті еркек, әйел басыбайлы қызметшілері және екі жүз еркек, әйел әншілері болды.
[66] Сондай-ақ, олардың жеті жүз отыз алты жылқысы, екі жүз қырық бес қашыры,
[67] төрт жүз отыз бес түйесі, алты мың жеті жүз жиырма есегі де бар еді.
[68] Кейбір әулет басшылары Құдай Иенің Иерусалимдегі киелі үйіне келгенде, оның қайтадан өзінің бұрынғы орнында салынуы үшін ерікті тартулар жасады.
[69] Олар өз шама-шарқынша осы ұлы істің қорына арнап алпыс бір мың алтын теңге, бес мың қадақ күміс және діни қызметкерлерге арналған жүз көйлек берді.
[70] Сонымен діни қызметкерлер, леуіліктер, жалпы халықтың біразы, сондай-ақ әншілер, қақпа күзетшілері және ғибадатхана қызметшілері де өздерінің (Иерусалимнің маңайындағы) елді мекендеріне қоныстанды. Қалған Исраил халқы да (бүкіл елдегі) өз қалаларына қайтып, сонда тұрып жатты.