
Cәлем, құрметті тыңдарман!
Кезекті эпизодымызды қабыл алыңыз~
Бұл жолы қонаққа Италиядағы Sapienza университетінде магистратурада Business Management мамандығы бойынша білім алып жатқан Гульнур Джумагазиева келді!
Гулямен түрлі тақырыпты талқылап, ойымызды ортаға салдық. Қонағымыз өзінің Италиядағы қызықтары мен оқу тәжірибесін бөлісті.
Достар, міндетті түрде Гуляның инстаграм парақшасына жазыла кетіңіздер! Егер сіз Италияда білім алуға, Еуропада саяхаттауға, салауатты өмір салтын ұстанып белсенді болуға қызықсаңыз, қонағымыздың парақшасы ұнайтыны сөзсіз.
Instagram: @whatsheiflmed_
https://www.instagram.com/whatshefilmed_?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw==
Tайм код:
00:00:07 - 00:02:10 қонақты таныстыру
00:02:12 - 00:05:25 MBTI сұрасу
00:00:27 - 00:09:41 Sapienza университеті, диссертация бағыты, Қазақстанның креативті индустрия бағытына көшуі
00:09:45 - 00:10:25 Магистратураны Италияда оқу шешімі
00:10:27 - 00:13:59 Оқуға тапсыру барысы қалай болды?
00:14:00 - 00:20:44 Италия мен Оңтүстік Кореяның (GKS) мемлекеттік стипендиялық бағдарламасына құжат жинау процесімен салыстыру
00:20:46 - 00:22:58 Италияға бейімделу жайлы, таңғалдырған дүниелер (cultural shock)
00:23:04 - 00:26:55 KBTU мен Sapienza-ның айырмашылықтары, азиялық студенттер туралы таптаурындар
00:27:09 - 00:33:39 шетелде оқуды романтизациялау; бакалаврды Қазақстанда оқу қажет пе?
00:33:46 - 00:36:51 Гуляның Сантьяго жолындағы шытырман оқиғалары мен одан алған өмір сабақтары жайлы
00:36:52 - 00:40:15 саяхат кезіндегі әсерлер мен сәттерді жазып алу маңызы, “қалыпты” сөзінің мәні
00:40:22 - 00:43:16 Азияда саяхаттау, Буддизм іздері; Оңтүстік Кореядағы саяхат нүктелері тек Сеул, Пусан, Чеджу ғана емес
00:44:01 - 00:46:24 Корея өнер тарихы сабақтары, Корё студенті бола тұра қалай Йонседен сабақ тыңдап жүрміз
00:46:26 - 00:49:35 неге профессор болғымыз келеді?
00:49:37 - 00:50:53 көп берсең, көп аласың ба?
00:50:54 - 00:52:01 подкасттың жазылу себебі елдегі ageism-нің әсері ме?
00:52:08 - 00:57:23 итальяндық режиссер Федерико Феллинидің “Тәтті өмірі” әлі де өзекті
00:57:27 - 00:58:51 біз неге қоқыс контентті тұтынамыз?
00:58:56 - 01:03:27 Маслоу пирамидасы, парсы мен скандинав елдеріндегі өмір сүру деңгейінің адам құндылықтарына әсері
01:03:31 - 01:10:00 жақында көрген сериалдар: Bad Surgeon: Love under the knife пен The Pitt жайлы
01:10:08 - 01:16:28 киноға қатысты блиц сұрақтар, “сайтан да прада киеді”, “драма” фильмдері
01:16:30 - 01:17:38 Өнерді тудырушысынан бөліп-жарып қарай аламыз ба?
01:17:39 - 01:19:52 сөз бостандығы өлді ме? кәнсіл мәдениет әлеуметтік жауапкершілікті арттырды ма?
01:19:57 - 01:21:51 соңы