zeno
Home
Explore
Religious
Music
News
Podcasts
Bible
By Genre
By Location
By Language
Download App
Log in
Sign up
Toggle Sidebar
zeno
TORGYN
bir kese şay
Society & Culture
Kazakh
Сәлем!
Бұл - Торғын, “бір кесе шай” подкасының авторымын.
Шетелде оқитын қазақтардың әңгімесін тыңдауға шақырамын.
Website
Episodes
15
14 November 2025
Aбылай: PolyU-да оқу, Hong Kong әсерлері, оқудан кейінгі апатия
Подкасттың кезекті қонағы - Абылай. Hong Kong қаласында қонақ үй және туризм мамандығында Hong Kong Politechnic University-да оқыды. Жақында Алматыға қайта оралған қонағымыз қала туралы алған әсерін айтты. Подкастта Хоң Коңда оқу, оқу бітіргеннен кейінгі апатиямен күрес, үйқұса болу(homesick), коронавирустың әсері туралы сөз қозғадық. Абылай музыкаға да бетбұрғысы келеді екен. Оны осы жолында...
1 h 7 min
01 November 2025
Жанеля: Польшадағы өмір, құндылықтар сәйкестігі, поляктардың MBTI-ы, құжатсыз миграция
Сәлем-сәлем, достар!Сіздермен сағынысып қауышқан бір ғанибет екен. Бір кесе шайдың жаңа эпизодын таныстырғымыз келеді. Студиямыздың қонағы Жанеля Амангельдина. Еуразия Ұлттық университетінде цифрлі медиа мамандығында оқыған. Кейін Варшавада Marketing Management мамандығын тәмамдап, Польшада TransferGo ақша аудару бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарына жауапты маркетолог маманы болып қызмет...
1 h 37 min
26 September 2025
Мирас: көміртек несиелері мен жасанды интеллект, жұмыс/өмір гармониясы
Сәлем, достар!Қыркүйек айының соңғы аптасында кезекті эпизодымызды қабыл алыңыздар. Бүгін бізде қонаққа Мирас келді. Мирас Sejong University Computer Science & Engineering мамандығында білім алды. Қазіргі таңда ThanksCarbon cтартап компаниясында ML Engineer/Data Scientist боп қызмет істейді. Қонағымыз қызмет ететін компания ESG - Қоршаған орта, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару,...
59 min
12 September 2025
Адэль: NIS түлегі болу, SKY мен Назарбаев университетінде оқу, KIA-дағы мансап
Хей, достар!Жаңа семестр - жаңа подкаст демекші, кезекті эпизодты қарсы алыңыздар. Шығарылымның қонағы - Адэль Толеубекова. GKS стипендиялық бағдарламасының бакалавр бағытының жеңімпазы. Korea University-де электр инженериясы (Electrical Engineering) мамандығында білім алды. Қазіргі уақытта КIA компаниясында қызмет атқарып жүр. Бұл эпизодта Адель өзінің оқуға түсу тәжірибесі мен Кореяда жұмысқа...
57 min
07 August 2025
Торғын: соло-подкаст, жаңа нәрсені бастау қорқынышы, әйел классиктер, бірқалыпты демалыс, лабубу мен tradwives
Сәлем әлем!Екінші соло подкастты қабыл алыңыздар. Осы шығарылымда екі жарым ай бойы жүргізіп жүрген подкастқа рефлексия жасадым. Бір кесе шайға қатысты хабарландыру бар. Міндетті түрде тыңдап шығыңыздар~Cосын жазғы каникулды қалай өткізіп жатқанымды айтып, оқып шыққан, оқып жатқан кітаптарға да тоқталдым. Жаңа тіл оқып бастадым, ағайын. Қандай тіл деп ойлайсыздар? подкастты тыңдау арқылы бірнеше...
30 min
01 August 2025
Аружан: қазақша ageism, токсик профессорлар, қыздарға қысым, қазақ қоғамындағы асығыстық, хәппи мүшел жас, он жылдан кейінгі біз
Қайырлы таң-қайырлы күн-қайырлы түн достар!бір кесе шай подкасының жаңа эпизодын қарсы алыңыздар. студиямызда қонақта Аружан Серікқан. HANYANG университетінің магистратурасында маркетинг мамандығы бойынша білім алған. Қазір Сеулде аудармашы боп қызмет атқарады. Подкастта Аружанның Қазақстанға сапары мен Сеулдегі магистратурада алған біліміне беретін бағасы, аудармашылық жұмыстағы қазақ тілінің...
1 h 33 min
18 July 2025
Динара Тілеубек: Иордания екінші үйім, мейірім тізбегі мен мейірім тілі - саяхат философиясы
алақай, бір кесе шай подкасының кезекті эпизоды желіде!бірінші маусым жетінші эпизодтың қонағы - бір ғана жолдорбамен әлемді шарлайтын жиһанкез Динара Тілеубек. Динара ханым Сеулге саяхаттап келіп, бізбен подкаст жазуға келісімін берді. Бұл оның дебют подкасы десек те болады. Сондықтан сіздерден көп қолдау күтеміз. Подкаст сұхбат есебінде өтті. Шығарылымда қонағымыз неліктен жалғыз бір рюкзакпен...
1 h 3 min
11 July 2025
Дария: Румыния мен Оңтүстік Корея, қазақ тілі, менталды денсаулықтың маңызы, айдентика, "ақырын жүріп анық басу"
Подкасымыздың кезекті шығарылымының қонағы - Дария Корё университетінің әлеуметтану мамандығында оқитын бакалавр студенті. GKS атты Оңтүстік Корея мемлекетінің стипендиялық бағдарламасының 2022 жылғы жеңімпазы. Оңтүстік Кореяға келместен бұрын Румыния елінің мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант иегері атанды. Клуж-Напока қаласындағы Babeş-Bolyai университетінде әлеуметтану мамандығына оқуға...
1 h 14 min
03 July 2025
Lilja: from MBTI to books, how to explore Han Kang's world, tips for beginner readers
Hello! This is our first episode in English and I am so happy that we recorded it with Lilja!! Lilja is from Iceland and we are currently studying Korean studies together at Korea university.In this episode you will know Lilja's experience in Korea and we discuss books. We hope you'll enjoy it!The books we recommended during the discussion:Han Kang's books:White bookWhe vegetarian Human actsWe do...
1 h 17 min
25 June 2025
Қанатбек: Сеул мен Дубай, шығыс Азиядағы білім беру жүйесі, қазақ тарихы мен әлем тарихы
Бұл бөлімде Сеулдегі Седжон университетінің студенті Қанатбекті қонаққа шақырдық. Мамандығы - Бизнес және басқару (Business administration). Сеулге дейін БАӘ-де білім алғаны жайлы әрі ауысыммен Жапонияда оқығаны жайлы сөз қозғайды. Эпизодта Корея тарихы мен Қазақстан тарихын да түртпей кетпейміз. Сіздерге ұнайды деген ойдамыз.Дисклеймер: Отырар қаласын билеген Хорезм падишахы Қайырханның атын...
55 min