№3 OyLab: Ғылымды насихаттаушы әйелдер
Журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова бұл жолы ғылымдағы әйелдердің рөлі мен олардың жазған кітаптары туралы айтады. Бұл эпизодта Мария Кюриден бастап қазіргі заманғы зерттеуші әйелдерге дейінгі ғылымдағы әйелдердің үлесі мен олардың зерттеулерінің маңыздылығы қарастырылады. Сондай-ақ, ғылыми жетістіктерді кеңінен таныту үшін не істеу керектігі туралы ой қозғайды.
Егер сіз ғылым, зерттеу, гендерлік теңдік тақырыптарына қызығатын болсаңыз, осы эпизодты көріңіздер, тыңдаңыздар!